2020 жылғы 27-28 наурызда медициналық университеттің кәсіподақ мүшелері және ерікті студенттері Жастар ісі жөніндегі орталықтың қолдауымен үйдегі зейнеткерлер мен қарт оқытушыларды медициналық маскалармен және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бұл акция еріктілерге аға буынға үлкен құрмет пен қамқорлықты білдіруге, сондай-ақ олардың үлкен өмірлік тәжірибелеріне, мейірімділігі мен даналығына ризашылық білдірулеріне тамаша мүмкіндік берді. Ал қарттар өз кезегінде оларға көрсеткен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс-баталарын берді.
Коронавирустың пандемиясымен қалыптасқан жағдай біздің студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және кәсіподақ комитетінің бірлігі мен ынтымағын тағы бір көрсетті.
Аға буынның өмірі мен денсаулығы біздің қолымызда. Жалпы жағымды нәтиже барлығымызға байланысты, сондықтан «Біз Біргеміз!» акциясы мұнымен бітпейді, бізді көптеген игі істер күтіп тұр.
Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқор болыңыздар!
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!